← На главную← Басты бетке

Словарь терминов по географииГеография терминдерінің сөздігі

186 терминов из курса подготовки к ЕНТ с определениями, на русском и казахском.ҰБТ-ға дайындық курсындағы 186 термин анықтамаларымен, қазақ және орыс тілдерінде.

UNIT 1 Картография, геоинформатикаКартография, геоинформатика

ГеоидГеоид

Истинная форма Земли (сплюснутый у полюсов шар).

Жердің шынайы, ерекше пішіні (полюстерінен сығылыңқы шар тәрізді).

Экваториальный радиусЭкватор радиусы

Экватор радиусыЭкваториальный радиус

6378,1 км (на 21,4 км длиннее полярного радиуса).

6378,1 км (полярлық радиустан 21,4 км-ге ұзын).

Полярный радиусПолярлық радиус

Полярлық радиусПолярный радиус

6356,7 км — расстояние от центра Земли до географического полюса.

6356,7 км — Жер орталығынан полюстерге дейінгі қашықтық.

Средний радиус ЗемлиЖердің орташа радиусы

Жердің орташа радиусыСредний радиус Земли

6371 км — общепринятая стандартная величина радиуса земного шара.

Шамамен 6371 км деп есептелетін стандартты шама.

Длина экватораЭкватор ұзындығы

Экватор ұзындығыДлина экватора

40 075 км — окружность Земли по экваториальной параллели.

40 075 км — Жер шарын қақ бөлетін басты нөлдік параллель.

ОрбитаОрбита

Путь движения небесного тела в космосе; длина орбиты Земли — 940 млн км.

Аспан денелерінің ғарыштағы қозғалыс жолы; Жер орбитасының ұзындығы — 940 млн км.

Перигелий / афелийПеригелий / афелий

Ближайшая (3 января, 147 млн км) и самая дальняя (5 июля, 152 млн км) точки орбиты Земли.

Жердің Күнге ең жақын (3 қаңтар, 147 млн км) және ең алыс (5 шілде, 152 млн км) нүктелері.

ГалактикаГалактика

Гигантская система из миллиардов звёзд; наша — Млечный Путь.

Миллиардтаған жұлдыздардан тұратын алып жүйе; біздікі — Құс жолы.

Астероид, кометаАстероид, комета

Астероиды — каменные/металлические тела; кометы — ледяные тела, образующие хвост при приближении к Солнцу.

Астероидтар — тас/металл денелер; кометалар — мұз бен шаңнан тұратын, Күнге жақындағанда құйрық түзетін денелер.

Приливы и отливыТасу және тартылу

Тасу және тартылуПриливы и отливы

Периодические подъёмы и спады уровня океана 2 раза в сутки под действием притяжения Луны и Солнца.

Айдың және Күннің тартылысынан мұхит деңгейінің тәулігіне 2 рет көтерілуі мен төмендеуі.

Картографический методКартографиялық әдіс

Картографиялық әдісКартографический метод

«Второй язык географии» — исследование пространственных явлений по географическим картам.

Географияның «екінші тілі» — карта арқылы зерттеу және кеңістікті талдау.

Геоинформационный метод (ГИС)Геоақпараттық әдіс (ГАЖ/ГИС)

Геоақпараттық әдіс (ГАЖ/ГИС)Геоинформационный метод (ГИС)

Анализ и моделирование пространственных данных с помощью современного геоинформационного ПО.

Компьютерлік бағдарламалар көмегімен кеңістіктік деректерді сақтау, өңдеу және визуализациялау.

Полевой метод исследованийДалалық зерттеу әдісі

Далалық зерттеу әдісіПолевой метод исследований

Непосредственные наблюдения, замеры и отбор образцов на местности в экспедиционных условиях.

Табиғи нысандарды тікелей жергілікті жерде бақылау, сипаттау және өлшеу жұмыстары.

Сравнительно-географический методСалыстырмалы-географиялық әдіс

Салыстырмалы-географиялық әдісСравнительно-географический метод

Сопоставление географических объектов и процессов для выявления общих закономерностей.

Әр түрлі аумақтар мен географиялық нысандардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.

Аэрокосмический мониторингАэроғарыштық мониторинг

Аэроғарыштық мониторингАэрокосмический мониторинг

Дистанционное зондирование Земли из космоса для непрерывного слежения за состоянием ландшафтов.

Жерді жасанды серіктер мен ұшақтар арқылы қашықтан зондтау (ҚЗЗ/ДЗЗ).

Диахронное / синхронное сравнениеДиахронды / синхронды салыстыру

Диахронды / синхронды салыстыруДиахронное / синхронное сравнение

Диахронное — одного объекта во времени; синхронное — разных объектов в один момент.

Диахронды — бір нысанды уақыт бойынша; синхронды — әртүрлі нысандарды бір мезгілде салыстыру.

МониторингМониторинг

Непрерывное наблюдение за состоянием среды (наземное, космическое; биологическое, физико-химическое).

Қоршаған ортаның жай-күйін үздіксіз бақылау (жердегі, ғарыштық; биологиялық, физикалық-химиялық).

АреалАреал

Территория распространения явления или вида.

Белгілі құбылыс не түр таралған аумақ.

Аналитическое районированиеАналитикалық аудандастыру

Аналитикалық аудандастыруАналитическое районирование

Деление крупной территории сверху вниз.

Ірі аумақты жоғарыдан төмен бөлу.

Вербальная модельВербалды модель

Вербалды модельВербальная модель

Модель, построенная в виде словесного описания явления.

Құбылысты сөзбен сипаттау арқылы жасалған модель.

МасштабМасштаб

Отношение длины отрезка на карте к его действительной длине на местности.

Жер бетіндегі қашықтықтың қағазға түсіргенде неше есе кішірейтілгенін көрсететін сан немесе бөлшек.

Горизонталь (Изогипса)Горизонталь (Изогипса)

Линии на карте, соединяющие точки земной поверхности с одинаковой абсолютной высотой.

Жергілікті жердегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын тұйық қисық сызықтар.

БергштрихБергштрих

Короткая черточка, перпендикулярная горизонтали, указывающая направление склона (наружу — холм, внутрь — впадина).

Горизонтальға перпендикуляр қойылып, ылдидың (еңістің) бағытын көрсететін қысқа сызықша (сыртқа — төбе, ішке — қазаншұңқыр).

КурвиметрКурвиметр

Прибор с колесиком для точного измерения длины извилистых линий на карте.

Картадағы ирек сызықтардың (өзендер, шекаралар, жолдар) ұзындығын өлшейтін дөңгелекті картометриялық құрал.

Азимутальная проекцияАзимуттық проекция

Азимуттық проекцияАзимутальная проекция

Проекция на плоскость, касающуюся земного шара в одной точке, используемая для изображения полярных областей.

Жер шары жазықтықпен бір нүктеде (полюстерде) жанасатын, Арктика мен Антарктиданы бейнелеуге арналған проекция.

ПланПлан

Изображение небольшого участка местности в очень крупном масштабе (крупнее 1:5000).

Жер бетінің шағын бөлігінің өте ірі масштабтағы (1:5000-нан ірі) кескіні.

АзимутАзимут

Угол между направлением на север и на объект (0°–360° по часовой стрелке).

Нысан мен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш (0°–360°, сағат тілімен).

ИзолинияИзосызық

ИзосызықИзолиния

Кривая, соединяющая точки с одинаковыми значениями: горизонтали, изобары, изогиеты, изотермы.

Бірдей мәнді нүктелерді қосатын қисық: горизонталь, изобара, изогиета, изотерма.

ТопонимикаТопонимика

Раздел ономастики, изучающий географические названия.

Географиялық атауларды зерттейтін ономастика бөлімі.

Поясное времяБелдеулік уақыт

Белдеулік уақытПоясное время

Одинаковое время в пределах пояса (время среднего меридиана); между поясами 1 час.

Бір белдеуде бірдей уақыт (орталық меридиан уақыты); белдеулер арасы 1 сағат.

Геоинформационная система (ГИС)Геоақпараттық жүйе (ГАЖ / ГИС)

Геоақпараттық жүйе (ГАЖ / ГИС)Геоинформационная система (ГИС)

Аппаратно-программный комплекс для сбора, хранения, анализа и визуализации пространственных данных.

Кеңістіктік географиялық мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау және визуализациялауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.

Векторная модельВекторлық модель

Векторлық модельВекторная модель

Модель данных, представляющая объекты в виде точек, линий и полигонов с точными координатами.

Географиялық нысандарды нақты нүктелер, сызықтар мен полигондар (контурлар) түрінде сақтайтын геометриялық модель.

Растровая модельРастрлік модель

Растрлік модельРастровая модель

Модель данных в виде регулярной сетки пикселей, типичная для космических снимков и цифровых моделей рельефа.

Кеңістікті ұяшықтар (пиксельдер) матрицалық торы ретінде беретін аэроғарыштық суреттер мен сканерленген карталар моделі.

Атрибутивные данныеАтрибуттық деректер

Атрибуттық деректерАтрибутивные данные

Качественные и количественные описательные характеристики географических объектов в виде таблиц.

Кеңістіктік нысандардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсететін кестелік мәліметтер (атауы, халық саны, топырақ типі т.б.).

КартограммаКартограмма

Способ отображения интенсивности явления по территориальным единицам градацией цвета или штриховки.

Аумақтық бірліктерді белгілі бір көрсеткіштің қарқындылығына қарай (мысалы, халық тығыздығы) түс қанықтығымен бояу әдісі.

ГИС-технологияГАЖ технологиясы

ГАЖ технологиясыГИС-технология

Совокупность программно-технологических и методических средств получения новой информации; основа — многослойные электронные карты.

Қоршаған орта туралы жаңа ақпарат алуға арналған бағдарламалық-технологиялық, әдістемелік құралдар жиынтығы; негізі — көпқабатты электрондық карта.

Цифровая модель местностиЦифрлық жер үсті моделі

Цифрлық жер үсті моделіЦифровая модель местности

Математическая модель объектов топографической карты (DTM).

Топографиялық карта нысандарының математикалық моделі (DTM).

Карта-анаморфозаАнаморфоз карта

Анаморфоз картаКарта-анаморфоза

Карта, на которой площади территорий деформированы пропорционально показателю.

Аумақтардың ауданы көрсеткіш шамасына пропорционал өзгертілген карта.

GPSGPS

Спутниковая навигационная система США: определяет место, расстояние, время; для 3D нужно минимум 4 спутника.

АҚШ-тың жер серіктері навигациялық жүйесі: орынды, қашықтықты, уақытты анықтайды; 3D үшін кемінде 4 спутник.

UNIT 2 Физическая географияФизикалық география

ЛитосфераЛитосфера

Твердая каменная оболочка Земли, включающая земную кору и верхнюю мантию до астеносферы (мощность 50–200 км).

Жердің қатты тасты қабығы; Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі жоғарғы мантияның қатты қабаты (қалыңдығы 50–200 км).

Океаническая кораМұхиттық қыртыс

Мұхиттық қыртысОкеаническая кора

Земная кора под океанами толщиной 5–10 км, состоящая из 2 слоев (осадочного и базальтового) без гранита.

Қалыңдығы 5–10 км болатын, тек 2 қабаттан (шөгінді және базальт) тұратын гранитсіз жер қыртысы.

РифтРифт

Крупный линейный разлом и рифтовая долина в земной коре, образующаяся при расхождении плит.

Литосфералық тақталардың ажырауы мен созылуы кезінде жер қыртысында пайда болатын терең жарықтар мен аңғарлар жүйесі.

ЛаваЛава

Излившаяся на земную поверхность и дегазированная магма.

Магма жер бетіне шығып, қысымның төмендеуінен ұшпа газдары мен су буынан айырылған балқыған тас массасы.

КарстКарст

Процесс растворения горных пород (известняка, гипса) подземными водами с образованием пещер.

Жер асты суларының әктас, гипс жыныстарын ерітуінен пайда болатын үңгірлер мен қуыстар кешені (сталактит, сталагмит).

Граница МохоровичичаМохоровичич шекарасы

Мохоровичич шекарасыГраница Мохоровичича

Граница коры и мантии: скорость сейсмических волн резко растёт.

Жер қыртысы мен мантия арасындағы шекара: сейсмикалық толқындар жылдамдығы күрт артады.

Спрединг / субдукция / коллизияСпрединг / субдукция / коллизия

Рост океанической коры / погружение плиты / столкновение материковых плит.

Мұхит түбінің өсуі / тақтаның батуы / материктік тақталардың соқтығысуы.

ЭпицентрЭпицентр

Точка выхода толчков землетрясения на поверхность (очаг — в глубине).

Жер сілкінісі соққысы бетке шығатын нүкте (ошағы — тереңде).

Шкала МоосаМоос шкаласы

Моос шкаласыШкала Мооса

Эталон твёрдости 10 минералов: 1 — тальк, 10 — алмаз.

10 минералдың қаттылық эталоны: 1 — тальк, 10 — алмаз.

Восточно-Европейская платформаШығыс Еуропа платформасы

Шығыс Еуропа платформасыВосточно-Европейская платформа

Древняя докембрийская платформа, фундамент которой слагает Прикаспийскую низменность.

Еліміздің батысын (Каспий маңы ойпатын) алып жатқан ежелгі докембрийлік қатты іргетас.

Эпигерцинские плитыЭпигерциндік плиталар

Эпигерциндік плиталарЭпигерцинские плиты

Молодые платформенные структуры (Туранская и Западно-Сибирская) с палеозойским фундаментом.

Тұран және Батыс Сібір жас плиталары — палеозой қатпарлы негізінен түзілген жазықтық аймақтар.

Хан-Тенгри (6995 м)Хан Тәңірі (6995 м)

Хан Тәңірі (6995 м)Хан-Тенгри (6995 м)

Высочайшая вершина Казахстана (6995 м), расположенная в Центральном Тянь-Шане.

Орталық Тянь-Шаньдағы Қазақстанның ең биік шыңы.

Сарыарка (Казахский мелкосопочник)Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)

Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)Сарыарка (Казахский мелкосопочник)

Древняя разрушенная складчатая область в центре Казахстана (высшая точка — Аксоран, 1565 м).

Ежелгі каледон және герцин қатпарлықтарының ұзақ үгілуінен түзілген белесті қырат (Ақсораң, 1565 м).

Впадина Каракия (-132 м)Қарақия ойысы (-132 м)

Қарақия ойысы (-132 м)Впадина Каракия (-132 м)

Глубочайшая бессточная сухая впадина Казахстана (-132 м) на полуострове Мангышлак.

Маңғыстау түбегіндегі Қазақстанның ең терең, әлемдегі бесінші ойысы.

ПенепленПенеплен

Волнистая равнина на месте разрушенных гор («почти равнина»).

Таулардың ұзақ бұзылуынан түзілген толқынды жазық («бүтін жазыққа жуық»).

Троги / циркиТрог / цирк

Трог / циркТроги / цирки

Формы работы ледников: корытообразная долина / круглое «кресло» на склоне.

Мұздық әрекетінен: науа тәрізді аңғар / таудағы дөңгелек креслосы.

КуэстаКуэста

Гряда с асимметричными склонами (Актау в Мангистау).

Асимметриялы беткейлі жота (Маңғыстау Ақтауы).

Денудационная равнинаДенудациялық жазық

Денудациялық жазықДенудационная равнина

Равнина на месте разрушенных гор (Бетпакдала).

Таулардың бұзылған орнында пайда болған жазық (Бетпақдала).

Эндогенные / экзогенные месторожденияЭндогендік / экзогендік кен

Эндогендік / экзогендік кенЭндогенные / экзогенные месторождения

Эндогенные — магматические (руды); экзогенные — осадочные (уголь, нефть, стройматериалы).

Эндогендік — магмалық (кендер); экзогендік — шөгінді (көмір, мұнай, құрылыс материалы).

ТропосфераТропосфера

Нижний слой атмосферы толщиной 8–18 км, содержащий 80% массы воздуха и почти весь водяной пар.

Атмосфераның жер бетіне тиіп тұрған, бүкіл ауа райы құбылыстары жүретін төменгі қабаты (8-18 км).

Солнечная радиацияКүн радиациясы

Күн радиациясыСолнечная радиация

Электромагнитное излучение Солнца, поступающее на земную поверхность.

Күннен жер бетіне келетін жарық пен жылудың жалпы ағыны (тура, шашыранды, жұтылған, шағылысқан).

ЦиклонЦиклон

Атмосферный вихрь с низким давлением в центре, приносящий облачность и осадки.

Орталығында қысымы төмен, ауа ағыны шетінен ортасына қарай айнала соғатын бұлтты, жауын-шашынды құйын.

АнтициклонАнтициклон

Атмосферный вихрь с высоким давлением в центре, обуславливающий ясную сухую погоду.

Орталығында қысымы жоғары, ашық, жауын-шашынсыз, тымық ауа райын орнататын қуатты құйын.

Атмосферный фронтАтмосфералық фронт

Атмосфералық фронтАтмосферный фронт

Переходная зона раздела между двумя различными по свойствам воздушными массами.

Температурасы мен ылғалдылығы әртүрлі екі ауа массасының арасындағы өтпелі шекаралық белдеу.

АэрозолиАэрозоль

АэрозольАэрозоли

Жидкие и твёрдые частицы в тропосфере: пыль, дым, морская соль, капельки воды.

Тропосферадағы сұйық және қатты бөлшектер: шаң, түтін, теңіз тұзы, су тамшылары.

Изобара / изогиетаИзобара / изогиета

Линия равного давления / равных осадков.

Қысымы бірдей / жауын-шашыны бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Бриз / муссонБриз / муссон

Бриз — прибрежный ветер, меняет направление дважды в сутки; муссон — сезонный, дважды в год.

Бриз — тәулігіне 2 рет бағыты өзгеретін жағалау желі; муссон — жылына 2 рет өзгеретін маусымдық жел.

АльбедоАльбедо

Отражательная способность поверхности: свежий снег ≈ 90%, песок 35–40%, влажная почва 5%.

Беттің күн сәулесін шағылыстыру қабілеті: жаңа қар ≈ 90%, құм 35–40%, дымқыл топырақ 5%.

Резкая континентальностьШұғыл континенттілік

Шұғыл континенттілікРезкая континентальность

Тип климата с колоссальными перепадами температур между зимой и летом из-за удаленности от океанов.

Мұхиттардан тым қашық орналасу салдарынан жылдық және тәуліктік температура амплитудасының аса жоғары болуы.

Ось ВоейковаВоейков белдеуі

Воейков белдеуіОсь Воейкова

Полоса высокого атмосферного давления, протянувшаяся зимой через Евразию и Казахстан.

Қыс мезгілінде Қазақстанның оңтүстік-орталық бөлігі арқылы өтетін жоғары қысымды барикалық жолақ.

Коэффициент увлажнения (К)Ылғалдану коэффициенті (К)

Ылғалдану коэффициенті (К)Коэффициент увлажнения (К)

Отношение годового количества осадков к испаряемости за тот же период.

Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы (К = Ж / Б).

Ветры Эби и СайканЕбі және Сайқан желі

Ебі және Сайқан желіВетры Эби и Сайкан

Мощные местные ветры в Джунгарских воротах, скорость которых достигает ураганных значений.

Жоңғар қақпасы арқылы соғатын жылдамдығы 30-40 м/с-қа жететін күшті жергілікті тау аралық желдер.

Село Орловка (-57°C)Орловка ауылы (-57°C)

Орловка ауылы (-57°C)Село Орловка (-57°C)

Полюс холода Казахстана (-57°C), зафиксированный на Алтае.

Шығыс Қазақстандағы (Алтай бөктері) еліміздің абсолюттік ең суық полюсі.

Испаряемость / КувлБулану / ылғалдану коэффициенті

Булану / ылғалдану коэффициентіИспаряемость / Кувл

Кувл = осадки : испаряемость; < 0,3 — скудное увлажнение.

Кыл = жауын-шашын : булану; < 0,3 — өте аз ылғалдану.

Термическая депрессияТермиялық депрессия

Термиялық депрессияТермическая депрессия

Область низкого давления на юге от сильного прогрева летом (июнь–август).

Жазда оңтүстікте қызған ауадан түзілетін төмен қысым аймағы (маусым–тамыз).

ДжутЖұт

ЖұтДжут

Бескормица и падёж скота из-за гололёда.

Көктайғақтан мал азығының жетіспеуі және малдың қырылуы.

Вегетационный периодВегетациялық кезең

Вегетациялық кезеңВегетационный период

Период роста растений со среднесуточной температурой выше +5 °C (активная вегетация — выше +10 °C).

Тәуліктік орташа температурасы +5 °C-тан (белсенді вегетация — +10 °C-тан) жоғары болатын өсімдік өсу кезеңі.

Агроклиматические ресурсыАгроклиматтық ресурстар

Агроклиматтық ресурстарАгроклиматические ресурсы

Сочетание тепла и влаги, влияющее на сельское хозяйство.

Ауыл шаруашылығына әсер ететін жылу мен ылғал үйлесімі.

Мировой океанДүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхитМировой океан

Непрерывная водная оболочка Земли, окружающая материки и острова (71% площади планеты).

Жер шарының 71%-ын алып жатқан біртұтас үздіксіз су қабығы (Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды).

Круговорот водыДүниежүзілік су айналымы

Дүниежүзілік су айналымыКруговорот воды

Непрерывный процесс перемещения воды между океаном, атмосферой и сушей.

Күн радиациясы мен ауырлық күші әсерінен судың мұхиттан атмосфераға және құрлыққа үздіксіз ауысу процесі.

Соленость (‰, промилле)Тұздылық (‰, промилле)

Тұздылық (‰, промилле)Соленость (‰, промилле)

Количество минеральных веществ в граммах, растворенное в 1 кг морской воды (в среднем 35‰).

Бір литр (1 кг) суда еріген минералдық заттардың граммен алынған мөлшері (Мұхиттың орташа тұздылығы 35‰).

Течение ГольфстримГольфстрим ағысы

Гольфстрим ағысыТечение Гольфстрим

Мощное теплое течение Атлантики, формирующее мягкий климат Европы.

Атлант мұхитындағы ең қуатты жылы ағыс, Еуропаның климатын жұмсартып, жылытады.

ЦунамиЦунами

Гигантские гравитационные морские волны, порождаемые подводными землетрясениями и извержениями вулканов.

Су астындағы жер сілкіністері мен жанартау атқылауынан туындайтын аса ұзын әрі жойқын теңіз толқындары.

ИзогалинаИзогалина

Линия равной солёности.

Тұздылығы бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Планктон, нектон, бентосПланктон, нектон, бентос

Три группы жизни океана: парящие, плавающие, донные.

Мұхит тіршілігінің 3 тобы: қалқып жүретін, еркін жүзетін, түпте тұратын.

Эстуарий / дельтаЭстуарий / дельта

Воронкообразное / разветвлённое устье реки.

Өзен сағасының воронка / тармақтанған түрі.

Фирн / глетчерФирн / глетчер

Стадии превращения снега в ледниковый лёд.

Қардың мұзға айналу сатылары.

Артезианские водыАртезиан суы

Артезиан суыАртезианские воды

Напорные подземные воды между двумя водоупорами.

Екі су өткізбейтін қабат арасындағы арынды жерасты суы.

Бессточный бассейнІшкі тұйық алап

Ішкі тұйық алапБессточный бассейн

Область внутреннего стока, реки которой не имеют естественного выхода в Мировой океан.

Қазақстанның 80%-дан астам өзен-көлдерінің Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын ерекше су жинау жүйесі.

Река ИртышЕртіс өзені

Ертіс өзеніРека Иртыш

Самая многоводная река Казахстана, впадающая в Обь и принадлежащая бассейну СЛО.

Қазақстан аумағындағы ең суы мол әрі кеме қатынайтын трансшекаралық өзен (Обь алабы).

Озеро БалхашБалқаш көлі

Балқаш көліОзеро Балхаш

Уникальный полупресный водоем, разделенный проливом Узунарал на пресную и солоноватую части.

Батыс жартысы тұщы, ал шығыс жартысы ащы (тұзды) болып келетін дүниежүзіндегі бірегей көл.

Подземные водыЖер асты сулары

Жер асты суларыПодземные воды

Глубокие напорные артезианские бассейны, служащие стратегическим водным резервом засушливых зон.

Қазақстанның шөл және қуаң аймақтарын тіршілік суымен қамтамасыз ететін артезиандық алаптар қоры.

Ледник ТуюксуТұйықсу мұздығы

Тұйықсу мұздығыЛедник Туюксу

Эталонный долинный ледник Заилийского Алатау в бассейне реки Малая Алматинка.

Іле Алатауында орналасқан, Алматы қаласы мен Шу-Іле аймағын суландыратын эталондық тау мұздығы.

МеженьМежень

Самый низкий уровень воды в реке (на Есиле и Тоболе — в январе).

Өзеннің ең төмен деңгейі (Есіл мен Тобылда — қаңтарда).

Трансграничная рекаТрансшекаралық өзен

Трансшекаралық өзенТрансграничная река

Река, берущая начало в соседней стране: Иртыш, Иле, Сырдарья, Шу.

Бастауы көрші елде жатқан өзен: Ертіс, Іле, Сырдария, Шу.

Реликтовое (остаточное) озероҚалдық (реликт) көл

Қалдық (реликт) көлРеликтовое (остаточное) озеро

Остаток древнего моря (Тетиса): Каспий.

Ежелгі теңіз (Тетис) қалдығы: Каспий.

Снеговая линияҚар сызығы

Қар сызығыСнеговая линия

Высота, где снег не тает круглый год: Тянь-Шань 3800, Алтай 2600 м.

Жыл бойы қар ерімейтін биіктік: Тянь-Шаньда 3800, Алтайда 2600 м.

БиосфераБиосфера

Оболочка Земли, заселенная живыми организмами и преобразованная их деятельностью.

Жердің тірі ағзалар мекендейтін және олардың әсерінен өзгерген қабығы (В.И. Вернадский теориясы).

В.И. ВернадскийВ.И. Вернадский

Выдающийся ученый-естествоиспытатель, создатель учения о биосфере и ноосфере.

Биосфера және ноосфера (ақыл-ой қабығы) туралы іргелі ілімнің негізін қалаған академик-ғалым.

Географическая оболочкаГеографиялық қабық

Географиялық қабықГеографическая оболочка

Целостная непрерывная оболочка Земли, где смыкаются литосфера, гидросфера, атмосфера и биосфера.

Литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфераның бір-бірімен тығыз кірігіп, байланысатын тұтас жүйесі.

Природная зонаТабиғат зонасы

Табиғат зонасыПриродная зона

Крупный природный комплекс, характеризующийся однородными климатическими условиями, почвами и флорой.

Жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты ендік бағытта таралған ірі ландшафттық кешен.

Биологическая продуктивностьБиологиялық өнімділік

Биологиялық өнімділікБиологическая продуктивность

Способность живых организмов воспроизводить биомассу за единицу времени.

Белгілі бір уақыт ішінде тірі ағзалардың (биомассаның) түзілу жылдамдығы мен көлемі.

БиоценозБиоценоз

Сообщество растений, животных и микроорганизмов однородной территории.

Біртекті аумақты мекендейтін өсімдік, жануар, микроорганизм қауымдастығы.

ГумусГумус

Органическое вещество почвы (перегной): основа плодородия.

Топырақтың органикалық заты (қарашірік): құнарлылық негізі.

Зональность / азональностьЗоналылық / азоналылық

Зоналылық / азоналылықЗональность / азональность

Смена комплексов от экватора к полюсу / меридиональный характер (Великие равнины).

Табиғи кешендердің экватордан полюске ауысуы / меридиандық сипат (Ұлы жазықтар).

ЛандшафтЛандшафт

Крупный природный комплекс, сформированный взаимодействием геосфер.

Атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера әрекеттесуінен түзілген ірі табиғи кешен.

КаулифлорияКаулифлория

Рост цветов и плодов прямо на стволах в экваториальных лесах.

Ылғалды тропиктік орманда гүл мен жеміс діңнен өсуі.

Лесостепь и степьОрманды дала және дала

Орманды дала және далаЛесостепь и степь

Северные природные зоны Казахстана с плодородными черноземами, главные житницы страны.

Қазақстанның солтүстігіндегі аса құнарлы қара және қарақоңыр топырақты басты егіншілік аймағы.

ЧерноземҚара топырақ (Чернозем)

Қара топырақ (Чернозем)Чернозем

Высокоплодородная почва степной зоны с мощным гумусовым горизонтом.

Құрамында 6-9% қарашірігі (гумусы) бар, өте құнарлы құрылымды топырақ типі.

Пустыня и полупустыняШөл және шөлейт

Шөл және шөлейтПустыня и полупустыня

Аридные ландшафты, занимающие более половины площади республики (сероземы и бурые почвы).

Қазақстан аумағының жартысынан астамын алып жатқан қуаң сұр және құба топырақты зоналар.

Высотная поясностьБиіктік белдеулік

Биіктік белдеулікВысотная поясность

Закономерная смена природных комплексов в горах от подножия к вершинам.

Таулы өңірлерде биіктік артқан сайын табиғат кешендерінің (шөлден мәңгі қарға дейін) заңды алмасуы.

Аксу-ДжабаглыАқсу-Жабағылы

Ақсу-ЖабағылыАксу-Джабаглы

Первый и старейший государственный природный заповедник Казахстана, основанный в 1926 году.

1926 жылы Қазақстанда құрылған ең көне тұңғыш мемлекеттік қорық (Талас Алатауы).

Природная зональностьЗоналылық

ЗоналылықПриродная зональность

Закономерная смена климата, почв, растительности и животных с севера на юг (Докучаев).

Климат пен топырақ, өсімдік пен жануардың солтүстіктен оңтүстікке заңды ауысуы (Докучаев).

АзональностьАзоналдылық

АзоналдылықАзональность

Растения, нетипичные для зоны (луга в поймах рек пустыни).

Зонаға тән емес өсімдік (мысалы, шөлдегі өзен жайылмасындағы шалғын).

ТакырТакыр

Голый глинистый участок с гладкой поверхностью, растрескавшийся на многоугольники.

Жарықшақтармен көп бұрышқа бөлінген, жалаңаш сазды тегіс бет.

ТугаиТоғай

ТоғайТугаи

Приречные заросли туранги, лоха, ив и тамариска в долинах юга.

Оңтүстік өзен аңғарларындағы тал, жиде, туранга терегі ормандары.

ООПТЕҚТА

ЕҚТАООПТ

Особо охраняемые природные территории: заповедники, нацпарки, заказники, памятники природы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: қорық, ұлттық парк, заказник, табиғат ескерткіші.

UNIT 3 Природопользование и социальная географияТабиғатты пайдалану және әлеуметтік география

Демографический взрывДемографиялық жарылыс

Демографиялық жарылысДемографический взрыв

Резкое ускорение роста численности населения мира во второй половине XX века.

Өлім-жітімнің күрт азайып, туу көрсеткішінің жоғары сақталуы нәтижесінде халық санының шапшаң өсуі.

I тип воспроизводстваҰдайы өсудің I типі

Ұдайы өсудің I типіI тип воспроизводства

Тип воспроизводства с низкой рождаемостью и смертностью («демографическая зима» в Европе).

Туу деңгейі де, өлім-жітім де төмен, табиғи өсімі баяу немесе теріс дамыған елдерге тән тип («демографиялық қыс»).

II тип воспроизводстваҰдайы өсудің II типі

Ұдайы өсудің II типіII тип воспроизводства

Тип воспроизводства с традиционно высокой рождаемостью («демографическая весна» в Азии и Африке).

Туу көрсеткіші өте жоғары, өлім-жітім төмендеген, халық саны қарқынды өсетін дамушы елдерге тән тип («демографиялық көктем»).

Плотность населенияХалық тығыздығы

Халық тығыздығыПлотность населения

Число жителей, приходящееся на единицу площади (в Казахстане около 7,3 чел./км²).

Аумақтың 1 шаршы шақырымына (км²) келетін орташа тұрғындар саны (Қазақстанда шамамен 7,3 адам/км²).

УрбанизацияУрбанизация

Исторический процесс повышения роли городов и доли городского населения в стране.

Қалалардың өсуі, қала халқының үлесінің артуы және қалалық өмір салтының кең таралу процесі.

ДепопуляцияДепопуляция

Систематическое сокращение численности населения (рождаемость < смертности).

Халық санының жүйелі қысқаруы (туу < өлім).

Миграционное сальдоМиграция сальдосы

Миграция сальдосыМиграционное сальдо

Разница между числом иммигрантов и эмигрантов.

Иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма.

ГастарбайтерГастарбайтер

Иностранный рабочий, временно приехавший на заработки.

Уақытша жұмыс істеуге келген шетелдік жұмысшы.

ПрозелитизмПрозелитизм

Стремление мировых религий обратить в свою веру людей другого вероисповедания.

Әлемдік діндердің басқа сенімдегілерді өз дініне тартуға ұмтылуы.

АНК (Ассамблея)ҚХА (Ассамблея)

ҚХА (Ассамблея)АНК (Ассамблея)

Конституционный орган сохранения межнационального согласия, учрежденный 1 марта 1995 года.

1995 жылы 1 наурызда құрылған этносаралық татулықты сақтаушы конституциялық орган.

ДиаспораДиаспора

Часть народа (этноса), проживающая вне страны своего исторического происхождения.

Өз тарихи отанынан тысқары басқа елде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің шоғыры.

Сальдо миграцииМиграция сальдосы

Миграция сальдосыСальдо миграции

Разность между числом прибывших (иммигрантов) и выбывших (эмигрантов) за определенный период.

Белгілі бір уақыттағы иммигранттар мен эмигранттар санының айырмасы.

Трудовые ресурсыЕңбек ресурстары

Еңбек ресурстарыТрудовые ресурсы

Трудоспособная часть населения, обладающая физическими и духовными способностями для работы.

Еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істеуге мүмкіндігі бар халықтың жиынтығы.

Город-миллионерҚала-миллионер

Қала-миллионерГород-миллионер

Крупный мегаполис с постоянным населением более одного миллиона человек.

Тұрғындар саны 1 миллионнан асқан ірі мегаполис (Алматы, Астана, Шымкент).

РепатриацияРепатриация

Возвращение граждан (кандасов, оралманов) на родину.

Азаматтардың (қандастардың) өз отанына оралуы.

АгломерацияАгломерация

Скопление населённых пунктов, объединённых производственными, трудовыми и культурными связями.

Өндірістік, еңбек, мәдени байланыстармен біріккен елді мекендер тобы.

ХабХаб

Главный узел международной сети (Астана, Алматы, Шымкент, Актобе, Усть-Каменогорск).

Халықаралық желінің басты түйіні (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен).

ОйконимОйконим

Собственное имя населённого пункта (вид топонима).

Елді мекеннің жалқы аты (топонимнің бір түрі).

ГеоэкологияГеоэкология

Наука, изучающая взаимоотношения общества и географической оболочки Земли.

Адамзат қызметінің географиялық қабыққа әсерін зерттейтін ғылым саласы.

КонверсияКонверсия

Перевод предприятий военно-промышленного комплекса на выпуск гражданской продукции.

Әскери-өнеркәсіптік өндірісті бейбіт тұрмыстық тауарлар шығаруға көшіру.

Кокаральская плотинаКөкарал бөгеті

Көкарал бөгетіКокаральская плотина

Гидротехническая дамба, возведенная в 2005 году для спасения и восстановления Северного Арала.

2005 жылы Солтүстік Кіші Аралды құтқару үшін салынған гидротехникалық ғимарат.

СИПРИ (SIPRI)SIPRI

SIPRIСИПРИ (SIPRI)

Стокгольмский международный институт исследований проблем мира.

Стокгольмде орналасқан бейбітшілік пен қару-жарақты шектеуді зерттеу институты.

МарикультураМарикультура

Искусственное разведение морских организмов (рыб, моллюсков, водорослей) в прибрежных зонах.

Теңіз жануарлары мен балдырларын жасанды жолмен өсіретін аквакультура саласы.

Экологический следЭкологиялық із

Экологиялық ізЭкологический след

Показатель, измеряющий объём потребления ресурсов человеком.

Адамның ресурс тұтыну көлемін өлшейтін көрсеткіш.

ЭрозияЭрозия

Разрушение почвы под действием воды или ветра.

Топырақтың су немесе жел әсерінен бұзылуы.

МилитаризмМилитаризм

Политика наращивания военной мощи.

Әскери қуатты арттыру саясаты.

UNIT 4 Экономическая география и геоэкономикаЭкономикалық география және геоэкономика

МЕРКОСУРМЕРКОСУР

Общий рынок стран Южной Америки (Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай).

Оңтүстік Америка елдерінің (Бразилия, Аргентина т.б.) ортақ нарық ұйымы.

ЭмиссияЭмиссия

Выпуск в обращение новых денежных знаков или ценных бумаг для увеличения денежной массы.

Айналымға қосымша ақша немесе бағалы қағаздар шығару процесі.

Индустриальная эпохаИндустриялық кезең

Индустриялық кезеңИндустриальная эпоха

Период развития экономики, в котором преобладающую роль играет промышленное производство.

Экономикада өнеркәсіп пен зауыттық өндірістің үлесі басым кезең.

ЛатифундияЛатифундия

Обширное частное земельное поместье, характерное для стран Латинской Америки.

Латын Америкасында кең таралған ірі жекеменшік жер иелігі.

МГРТХЕБ (МГРТ)

ХЕБ (МГРТ)МГРТ

Международное географическое разделение труда — специализация стран на выпуске определенных товаров.

Халықаралық еңбек бөлінісі — елдердің белгілі бір тауар түрін экспортқа шығаруға мамандануы.

Венчурные инвестицииВенчурлік инвестиция

Венчурлік инвестицияВенчурные инвестиции

Высокорисковые вложения в инновационные проекты.

Қауіпті инновациялық жобаларға салым.

ПолупериферияЖартылай периферия

Жартылай периферияПолупериферия

Индустриальные страны, зависимые от передовых технологий (Россия, Бразилия).

Индустриялық, бірақ озық технологияға тәуелді елдер (Ресей, Бразилия).

Новые индустриальные страны (НИС)Жаңа индустриялды елдер (ЖИЕ)

Жаңа индустриялды елдер (ЖИЕ)Новые индустриальные страны (НИС)

Азиатские «тигры» и страны Латинской Америки.

Азия «жолбарыстары» және Латын Америкасы елдері.

Восточный КазахстанШығыс Қазақстан

Шығыс ҚазақстанВосточный Казахстан

Наименьший по площади экономический район, специализирующийся на цветной металлургии и гидроэнергетике.

Аумағы жөнінен ең кіші, бірақ түсті металлургия мен СЭС-ке өте бай экономикалық аудан.

ПолиметаллыПолиметалл

ПолиметаллПолиметаллы

Комплексные руды, содержащие свинец, цинк, медь и благородные металлы (Ачисай, Алтай).

Құрамында қорғасын, мырыш, мыс және асыл металдар кездесетін күрделі кендер (Ащысай, Өскемен).

«Актюбрентген»«Ақтөберентген»

«Ақтөберентген»«Актюбрентген»

Завод в Актобе (построен в советский период), выпускавший медицинскую рентгеновскую аппаратуру и диагностические комплексы.

Ақтөбе қаласында кеңес кезеңінде салынған, медициналық рентген аппаратурасын шығарған зауыт.

СаксаулСексеуіл

СексеуілСаксаул

Древесное пустынное растение, формирующее 47,9% площади всех лесных массивов Казахстана.

Қазақстан ормандарының 47,9%-ын құрайтын, шөлді тоқтататын бағалы ағаш тектес өсімдік.

Земельный фонд (82%)Жер қоры (82%)

Жер қоры (82%)Земельный фонд (82%)

Доля земельного фонда Казахстана, пригодная для ведения сельскохозяйственной деятельности.

Қазақстан аумағының ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды зор үлесі.

Антропогенный ландшафтАнтропогендік ландшафт

Антропогендік ландшафтАнтропогенный ландшафт

Природный комплекс, изменённый деятельностью человека (карьеры, отвалы, города).

Адам әрекетінен өзгерген табиғи кешен (карьер, үйінді, қала).

КоксКокс

Прочное высококалорийное топливо из угля при нагреве без доступа воздуха.

Көмірді ауасыз қыздырудан алынатын берік, жоғары калориялы отын.

ФерросплавыФерроқорытпа

ФерроқорытпаФерросплавы

Добавки для легирования стали (хром, марганец).

Болатты легірлеуге арналған қоспалар (хром, марганец).

Непроизводственная сфераӨндірістік емес сала

Өндірістік емес салаНепроизводственная сфера

Сфера, не производящая материальных благ, но удовлетворяющая социальные и духовные потребности.

Материалдық игілік шығармайтын, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін сала.

UNIT 5 Страноведение и геополитикаЕлтану және геосаясат

Политическая карта мираДүниежүзінің саяси картасы

Дүниежүзінің саяси картасыПолитическая карта мира

Географическая карта, отражающая границы государств, их столицы и политико-территориальное устройство.

Әлемдегі мемлекеттердің шекаралары мен саяси-аумақтық бөлінісінің тарихи өзгерістерін көрсететін карта.

МонархияМонархия

Форма правления, при которой верховная власть принадлежит единому правителю и передается по наследству.

Мемлекеттік билік бір адамның (патша, король, сұлтан, әмір) қолында болып, мұрагерлікпен берілетін басқару түрі.

ФедерацияФедерация

Форма государственного устройства, при которой субъекты обладают определенной юридической самостоятельностью.

Құрамына белгілі бір саяси дербестігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдар (штаттар, республикалар, жерлер) кіретін одақ.

Унитарное государствоУнитарлы мемлекет

Унитарлы мемлекетУнитарное государство

Единое неделимое государство, административные единицы которого подчиняются центральной власти.

Аумағы орталық билікке бағынатын әкімшілік бірліктерге бөлінген біртұтас мемлекет (мысалы, Қазақстан).

ИРЧП (Индекс человеческого развития)АДИ (ИРЧП)

АДИ (ИРЧП)ИРЧП (Индекс человеческого развития)

Интегральный показатель ООН, оценивающий уровень грамотности, долголетия и доходов населения.

Өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі және жан басына шаққандағы табысты біріктіретін БҰҰ-ның жиынтық көрсеткіші.

МетрополияМетрополия

Государство, владеющее колониями.

Колониялары бар ірі империялық мемлекет.

ХартлендХартленд

По Маккиндеру «сердце Земли» — центр Евразии.

Маккиндер бойынша «Жердің жүрегі» — Еуразия орталығы.

Федерация / унитарное государствоФедерация / унитарлы мемлекет

Федерация / унитарлы мемлекетФедерация / унитарное государство

Федерация состоит из субъектов; унитарное государство — единое целое.

Федерация — субъектілерден (штат, жер, республика) құралған, унитарлы — біртұтас құрылым.

ИЧРАДИ (ИЧР)

АДИ (ИЧР)ИЧР

Индекс ООН: долголетие, образование, доход.

Өмір ұзақтығы, білім және табыс бойынша БҰҰ-ның даму индексі.

МикрогосударствоМикромемлекет

МикромемлекетМикрогосударство

Государство с крошечной площадью: Монако, Ватикан, Сан-Марино.

Аумағы өте шағын мемлекет: Монако, Ватикан, Сан-Марино.

ГеополитикаГеосаясат

ГеосаясатГеополитика

Дисциплина, изучающая зависимость внешней политики государств от их географического положения.

Мемлекеттің кеңістіктік орны мен сыртқы саясатының арақатынасын зерттейтін ғылым.

ЦессияЦессия

Уступка территории одного государства другому по взаимному мирному соглашению (договору).

Екі мемлекеттің бейбіт өзара келісімі бойынша белгілі бір жер аумағын беру (сату, айырбастау).

АккрецияАккреция

Приращение государственной территории путем искусственного намыва суши или осушения шельфа.

Теңізден жер тартып алу немесе топырақ төгу арқылы мемлекет аумағын жасанды үлкейту.

АнклавАнклав

Государство, полностью окруженное со всех сторон сухопутной территорией другой страны.

Басқа мемлекеттің аумағымен барлық жағынан қоршалған дербес ел (Лесото, Ватикан).

ТалассократияТалассократия

Господство государства на море (США, Великобритания).

Теңіздегі мемлекет үстемдігі (АҚШ, Ұлыбритания).

ТеллурократияТеллурократия

Господство государства на суше.

Құрлықтағы мемлекет үстемдігі.

Анклав / эксклавАнклав / эксклав

Анклав — государство, окружённое другим; эксклав — оторванная часть страны.

Анклав — басқа елмен толық қоршалған мемлекет; эксклав — елдің бөлек жатқан бөлігі.

Геополитический кодГеосаяси код

Геосаяси кодГеополитический код

Стратегические предположения правительства о других государствах.

Үкіметтің басқа мемлекеттер туралы стратегиялық болжамдары.

СепаратизмСепаратизм

Политика обособления части территории государства.

Аумақтың бір бөлігін бөліп алуға бағытталған саясат.

МноговекторностьКөпвекторлылық

КөпвекторлылықМноговекторность

Внешнеполитическая стратегия развития дружественных связей со всеми ведущими державами мира.

Әлемнің барлық жетекші елдерімен достық әрі тең құқылы қарым-қатынас орнату саясаты.

Граница (7 591 км)Шекара (7 591 км)

Шекара (7 591 км)Граница (7 591 км)

Самая длинная непрерывная сухопутная государственная граница в мире (между Казахстаном и Россией).

Қазақстан мен Ресей арасындағы әлемдегі ең ұзын үзіліссіз құрлықтық шекара.

ЕАЭСЕАЭС

Евразийский экономический союз — общий рынок пяти государств Евразии.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Арменияның ортақ экономикалық одағы.

Срединный коридор (ТМТМ)Орта дәліз (ТМТМ)

Орта дәліз (ТМТМ)Срединный коридор (ТМТМ)

Транскаспийский международный транспортный маршрут, связывающий Китай и ЕС через Казахстан.

Қытайдан Еуропаға Қазақстан мен Каспий арқылы өтетін халықаралық транзиттік көлік бағыты.

ДелимитацияДелимитация

Определение общего положения и направления государственной границы на картах по договору.

Мемлекеттік шекара сызығын картада келісіп, шартпен бекіту процесі.

Транзитное значениеТранзиттік мәні

Транзиттік мәніТранзитное значение

Прохождение через территорию страны международных путей.

Елдің аумағы арқылы халықаралық жолдардың өтуі.

ШОСШЫҰ (ШОС)

ШЫҰ (ШОС)ШОС

Организация безопасности и экономики, выросшая из «Шанхайской пятёрки» (1996), с 2001 г.

1996 ж. «Шанхай бестігінен» 2001 ж. құрылған қауіпсіздік және экономика ұйымы.

Многовекторная политикаКөпвекторлы саясат

Көпвекторлы саясатМноговекторная политика

Сбалансированные отношения с Россией, Китаем, США, ЕС, Центральной Азией и исламским миром.

Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия және ислам әлемімен тепе-тең қатынас.

Термины лучше запоминаются в делеТерминдер іс жүзінде жақсы есте қалады

Первый урок 4GEO бесплатный: конспект с картами, тренировка, миссии и тест.4GEO алғашқы сабағы тегін: карталары бар конспект, жаттығу, миссиялар және тест.

Попробовать бесплатноТегін байқап көру